Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті

© Otyrar.kz

Қазақстан құрамасының қоржыны Азия чемпионатының тағы бір медалімен толықты. Тағы бір қола медальді 69 келі салмақ дәрежесінде Майра Файзуллаева жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 223 келіні (125+101) бағындырды. Спортшы екі бағдарламада да үшінші нәтиже көрсетті.

Бұл тартыста бірінші орын қытай қызы Кси Хонглиге - 247 келі (107+140) бұйырды, ал екінші орынды кореялық Паек Ун Ксуе - 241 келі (106+135) еншіледі.

Реклама
Реклама

Осылайша, Майра Қазақстандық құраманың қоржынына үшінші қола медальды салған спортшы болды. Айта кетейік, қола медаль алғандардың қалған екеуі - Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева. Ал ерлер арасында Айдар Қазов пен Ермек Өміртай алтын медаль алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама