Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына ӘЧ-2017 додасына қатысуға тыйым салынды - Дереккөз

Ауыр атлетикадан ?аза?стан ??рамасына допинг ережеб?зушылы?тарына байланысты Анахаймада ?тетін 2017 жыл?ы ?лем чемпионатына ?атысу?а тыйым салынды. Б?л туралы insidethegames.biz порталы хабарлады.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына допинг ережебұзушылықтарына байланысты Анахаймада өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынды. Бұл туралы insidethegames.biz порталы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, Қазақстан Олимпиада ойындарында көптеген допинг ережебұзушылықтарына байланысты әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылған тоғыз команданың қатарында. Қалған сегіз ел: Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдавия.

Осы аталған құрамаларда Бейжіңдегі және Лондондағы Олимпиада ойындарында допинг-сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде кемі үш атлеттің ағзасында тыйым салынған препараттар табылған. Ресей құрамасында 10 атлеттің допингпен ұсталғаны айтылады. 

Реклама
Реклама

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқару комитетіне осы аталған құрамаларға қатысты қандай шара қолдану керектігі жайында ұсыныс түсіретін үш адамнан тұратын комиссия Будапеште кездесіп, қорытынды шығарады. Олардың есебі IWF атқару комитетінің 30 қыркүйек пен 1 қазанда Бухаресте өтетін кезектен тыс отырысында ұсынылады.  

Тоғыз құрамаға қатысты бір жылға дейінгі шеттету шарасы енгізілетіні айтылады, алайда барлық елге әлем чемпионатынан кейін дисквалификацияның мерзімін азайтуға мүмкіндік беріледі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама