Ауыратлет Денис Уланов Рио Олимпиадасының қола медалін алуы мүмкін

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында төртінші орын алған қазақстандық ауыратлет Денис Уланов қола медаль иегері атануы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Румын БАҚ-тарының мәліметінше, 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алған зілтемірші Габриэль Синкраянның қанында тыйым салынған заттар бар болып шыққан. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы бұл туралы ресми мәлімдеген жоқ. Алайда Сикраянның Олимпиададағы нәтижесі жойылады деп күтіліп отыр екен. Осылай болған жағдайда медаль қазақстандық Улановқа өтеді. 

Айта кетейік, Уланов пен Синкраян Рио Олимпиадасында бірдей көрсеткіш көрсеткен - 390 келі. Алайда румын спортшысы қазақстандықтан жеңіл болып, қанжығасына Олимпиада медалін байлаған еді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама