Ауыратлет Денис Уланов жүлдеге іліне алмады

Денис Уланов

Рио Олимпиадасында 85 келіге дейінгі дәрежеде Денис Уланов жүлдеге іліне алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұлқа көтеруде отандасымыз 175 келіні еңсерді, ал серпе көтеруде екі бірдей мүмкіндігін қалт жіберіп барып, соңғы мүмкіндігінде 215 келіні көтерді. Сөйтіп, отандасымыз екі жаттығу қорытындысы бойынша 390 ұпай жинады. Айта кетейік, отандасымыз өз дене салмағы бойынша қарсыласынан ауыр болғандықтан қола медальға іліге алмады.

Алтын медаль Иран атлеті Киануш Ростамиге бұйырды - 396 келі (179+217). Ол серпе көтеруде және екі жаттығу қорытындысы бойынша өзі орнатқан әлем рекордтын жаңартты. Екінші орынға Қытай спортшысы Тянь Тао 395 ұпайымен (178+217) табан тіреді. Ал қола жүлдені 390 ұпай жинап, қазақстандықтың алдын ораған Румыния ауыратлеті жеңіп алды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама