ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 ақпан 2020 22:35
"Аяусыз ұрды" - Емельяненко Шешенстан басшысымен жекпе-жегі туралы
Ресейлік файтер Александр Емельяненко Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жегінен суреттері жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Суреттерді ол Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.
"Бүгін досым Рамзан аямады! Қос қолымен қатты ұрды", - деп жазды Емельяненко суреттің сипаттамасына.
Суреттерде Шешенстан басшысы мен спортшының жұдырықтасып жатқан сәті көрсетілген.
© instagram/alexemelyanenko
Еске салайық, мұның алдында Шешенстан басшысы Емельяненконы бесінші раундта құлататынын мәлімдеген. Кездесу таяуда өткен.
Алайда желі қолданушылары бұл жекпе-жек шын мәнінде болмағанын, суреттерде олардың жұдырықтасқандай болып көрінгісі келгенін айтып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу