ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2023 | 12:04
Азия ойындары аяқталды: Қазақстан қай орында?
Бүгін, 8 қазанда Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Азия ойындары аяқталады. Соңғы жарыс күнінде отандық спортшылар тағы екі медалді қоржынға салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ каратэші Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.
Ал біздің синхронистер Арина Пушкина, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова, Этери Какулия, Анна Павлецова, Әйгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Жәния Жиенғазы, Арина Мясникова және Ксения Макарова көркемдік жүзуде қола жүлдені жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан Азиаданы медальдық есепте 11-орынға тұрақтап, 80 медальге ие болды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола бар.
Жалпы Азия ойындарында бірінші орынды Қытай - 383 (201-111-71), екінші орынды Жапония - 188 (52-67-69), үшінші орынды Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89) иеленді.
Жабылу рәсімі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также