Азия ойындары: Қазақстанның медальдық есептегі орны белгілі болды

Фото: ©olympic.kz/Sabirov Sali

2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошылар Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шәмшадин құрама қоржынына медаль әкелді. Соның арқасында команда медальдық есепте 10-орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Әбужақынова 48 келі салмақта күміс, ал Шәмшадин 60 келі салмақта қола жүлдені иеленді.

Қазіргі уақытта құрама Иран және БАӘ-мен оныншы орынды бөлісіп тұр. Көш басында Қытай – 30 медаль (20 алтын, 7 күміс, 3 қола). Оңтүстік Корея 14 медальмен (5 алтын, 4 күміс, 5 қола) екінші орында. Үздік үштікті Жапония жапты: оның да қоржынында 14 медаль бар (2 алтын, 7 күміс, 5 қола).

Реклама
Реклама

2023 жылғы Азия ойындары 23 қыркүйекте басталды. Қазақстан құрамасының сапында 30 спорт түрі бойынша өнер көрсететін 524 спортшы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама