ПОДЕЛИТЬСЯ
09 наурыз 2020 | 15:57
Бахрейнде "Формула-1" кезеңі коронавирусқа байланысты көрерменсіз өтеді
Бахрейнде "Формула-1" кезеңінің осы маусымы коронавирусқа байланысты көрерменсіз өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушылар сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бахрейнде "Формула-1" кезеңінің осы маусымы коронавирусқа байланысты көрерменсіз өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушылар сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық серіктестермен кеңескеннен кейін олар Бахрейнде жанкүйерлерсіз Гран-при өткізу туралы шешім қабылдаған.
"Гран-приді қабылдайтын ел ретінде біз жанкүйерлер мен жарысқа келушілер үшін жауапты боламыз. COVID-19 жаһандық таралуын ескере отырып, қазір әлемнің мыңдаған туристері бір-біріне жақын орналасқан ірі спорттық шараны өткізу дұрыс болмайтын секілді", - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Бахрейндегі жарыс 20-22 наурыз аралығында өтеді.
Бахрейн Гран-приі - Формула-1 класындағы автожарыс бойынша әлем чемпионаты кезеңдерінің бірі. Бірінші рет Бахрейн гран-приі 2004 жылғы маусымда өтті және бірінші жеңімпаз неміс пилоты Михаэль Шумахер болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также