21 шілде 2019 15:57

Баландин Олимпиадаға екінші лицензияны жеңіп алды

© YouTube

Бүгін, 21 шілдеде Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда лидері Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин өз тобында алтыншы нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 59.56 секундта жүзіп өткен. Осылайша, Дмитрий 100 метрлік қашықтықтағы Олимпиада ойындарына А іріктеу нормативін орындады.

Реклама
Реклама

Бұл Баландиннің Токио Олимпиадасына жеңіп алған екінші жолдамасы. Сондай-ақ, біздің спортшы 13-орыннан көрініп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетелік, Дмитрий Баландин Champions Swim Series әлемдік турнирінде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Олимпиада жолдамасына иелік еткен еді.

100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге бірінші орында британиялық Адам Пити (57,59) тұр. Екінші орынды Илья Шиманович (58,87), үшінші орынды Ясухиро Косеки (58,91) қорытындылап тұр. Жартылай финал бәсекесі бүгін кешке өтеді.

Іріктеуде бақ сынаған тағы бір қазақстандық Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жартылай финалға өте алмады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram