Балуан Данияр Қайсанов Жапония чемпионын жеңіп, ширек финалға шықты

Балуан Данияр Қайсанов Жапония чемпионын жеңіп, ширек финалға шықты Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласынан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласынан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

74 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Данияр Қайсанов 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуромен кездесіп, жеңіске жетті. 

28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Былтыр да құрлықтық жарыста топ жарған. 

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама