"Барыс" ҚХЛ дивизионында көш бастады

Сурет "Барыс" хоккей клубынан

Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының чемпионатында уфалық "Салават Юлаев" клубын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының чемпионатында уфалық "Салават Юлаев" клубын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Уфі қаласында өтті. Ойын 2:1 есебімен Андрей Скабелканың пайдасына шешілді. "Барыс" ойынның 12-ші минутында алға шықты, команда капитаны Даррен Диц қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Алаң иелері 35-ші минутта жауап қайтарды. 

Үшінші кезеңде (45-ші миунтта) "Барыс" сапындағы Кертис Волк қазақстандық командаға жеңіс алып келді. 

Реклама
Реклама

Осылайша, "Барыс қатарынан үш ойынды жеңіп, 14 кездесудің нәтижесінде 20 ұпаймен Чернышев дивизионында көш бастады. Олар 19 ұпай жинаған Омск қаласының "Авангард" командасын басып озды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама