Бауыржан Байбек спорттағы шеберлігін көрсетті

Бауыржан Байбек спорттағы шеберлігін көрсетті © Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек стритболдан қалалық чемпионатты ашу кезінде спорттық шеберлігін танытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкім қоржынға бірнеше рет доп салып, серіктесіне шебер пас берді.



Реклама
Реклама

"Стритболдан жаңа маусымның ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Өздеріңіз білесіздер, спорттың бұл түрі бүкіл әлемде кеңінен тараған. Менің ойымша, ол Алматы жастарының арасында да кеңінен тарала түседі, себебі біздің жастар өте талантты әрі спортқа құштар", - деді Бауыржан Байбек спортшыларға.

© Youtube/Бека Ишекенова

Турнирге 32 команда қатысып жатыр. Стритболдан жарыс әр демалыс күндері сайын қаланың барлық аудандарындағы түрлі спорт алаңдарында өтетін болады. Чемпиондар биыл күзде анықталады. Стритболдан өтіп жатқан бұл чемпионат Алматының мың жылдығына арналады.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек қалалық дәстүрлі веложарысқа қатысты, оның жалпы ұзындығы 18 шақырымға жетті. Жарыс сағат 09.00-де әл-Фараби даңғылымен "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан басталып, Сайын мен Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан "Прайм Плаза" сауда орталығының аумағында аяқталды. 


© Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама