Бейбіт Шүменов Түркістан облысының құрметті азаматы атанды

© akboxing.ru

Екі салма? д?режесінде ?лем чемпионы бол?ан жал?ыз ?аза?станды? боксшы Бейбіт Ш?менов (17-2, 11 КО) "Т?ркістан облысыны? ??рметті азаматы" ата?ына ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған жалғыз қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) "Түркістан облысының құрметті азаматы" атағына ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Шешімді облыс мәслихаты депутаттары бірауыздан қабылдады. Бұл атақ ел мен өңірге сіңірген ерекше еңбек үшін өмір бойына беріледі. Сонымен қоса, атақ өмірі 10 жылға өңірмен байланысты адамға ғана табысталады. 

Айта кетейік, Шүменов Шымкент қаласының тумасы, жақында облыс орталығы осы қаладан Түркістанға ауысты. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, боксшының өзі қазір Астанада түркиялық боксшы Хизни Алтункайға (30-1, 17 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Бокс кеші 7 маусымда Елордада өтеді, бұл кездесуге алғашқы ауыр салмақтағы WBA (Regular) белбеуі тігіледі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама