22 тамыз 2017 16:55

Бекәділ Шаймерденов Универсиаданың қола жүлдесін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дзюдошы Бекәділ Шаймерденов Тайпэйде өтіп жатқан жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


Қазақстандық дзюдошы Бекәділ Шаймерденов Тайпэйде өтіп жатқан жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

73 келі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Тунистен келген Ред Бугерудан айласын асырып, қола жүлде жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында жеңіп алған бесінші жүлдесі. Бұған дейін ауыратлеттер Альбер Линдер мен Айдар Қазов алтын жүлде алса, Арли Чонтей қола және жүзгіш Дмитрий Баландин қола медаль жеңіп алған болатын.

Бес жүлдемен Қазақстан құрамасы командалық есепте оныншы орында келеді. Көш басында 25 жүлде (10 алтын, 5 күміс және 15 қола) жүлдесі бар Корея құрамасы. Екінші орында 21 жүлдесі (7+11+1) Қытайлық Тайпэй тұрса, үздік үштікті Жапония құрамасы түйіндеп тұр. "Күн шығыс" елінің спортшылары 19 медаль (6+4+9) жеңіп алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети