Белгілі спортшылар балалық шағындағы армандарын айтты

Белгілі спортшылар балалық шағындағы армандарын айтты © Cosmo.kz

?лтты? олимпиада комитеті (?ОК) ?з сайтында белгілі спортшыларымыз т?сірілген видео жариялады. Онда атлеттеріміз бала кездеріндегі арманы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) өз сайтында белгілі спортшыларымыз түсірілген видео жариялады. Онда атлеттеріміз бала кездеріндегі арманы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бала кезімде спортшы болғым келді. Жолым болды, арманым орындалды", - дейді Олимпиада ойындарының жүлдегері боксшы Әділбек Ниязымбетов. 

"Өрт сөндіруші болғым келді. Өрт сөндірушілердің ойыншық көлігі болған. Өскен кезде үлкен қызыл көлікпен зулап жүргім келетін", - дейді жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин. 

Реклама
Реклама

"Бала кезімде полицей боламын деп армандайтынмын, ерлікке, айналаңды қорғау ұмтылысынан болған шығар", - дейді Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит. 

"Ғарышкер болғым келді, кейін директор болсам дедім", - деп күлді велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров. 

"Балалық шағымда ең сүйікті ойыншығым көліктің рөлі болатын. Ата-анам жылдамдыққа деген ынтамды көріп коньки алып берген еді", - деп бөлісті қысқы Олимпиаданың қол жүлдегері Денис Тен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама