ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2024 | 13:27
Бейбіт Шүменов іздеуде: прокуратура іс қайта басталғанын мәлімдеді
Қазақстанның Бас прокуратурасы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істің тергеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Бас прокуратурасы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істің тергеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін боксшы Астанадағы ірі сауда орталықтарының бірінде ер адамды ұрғаны белгілі болды. Кейін Шүменов өз нұсқасын айтып берді.
"2023 жылдың 12 шілдесінде Астана ПД Есіл ауданының полиция бөлімі Шүменовке қатысты бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны анықталды.
28 тамызда іздеуге байланысты қылмыстық тергеу тоқтатылды. 29 желтоқсанда іс бойынша өндіріс қайта басталып, тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Бас прокуратура.
24 шілдеде белгілі спортшыға қатысты мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Шүменовке қатысты дау: Қырғызстан СІМ мәлімдеме жасады
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді.
Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.
Кейінірек полиция осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ал ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады.
Кейінірек Бейбіт Шүменов оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қалай болғанын айтып берді.
Айта кетейік, Бейбіт Шүменов – танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы. Мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17-де жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также