ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2022 | 09:48
Бейжің Олимпиадасы: 16 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады?
Бүгін, 16 ақпанда Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан спорттың үш түрінен жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін төрт спортшы өнер көрсетеді.
Слаломнан жарыс жолына бірінші болып шаңғышы Захар Кучин шығады. Ол Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 8:15-те басталады. Жеңімпаз екі жарыстың қорытындысы бойынша анықталады. Тікелей эфирді "Ел Арна" көрсетеді.
Шаңғы жарысы сағат 13:15-те басталады, Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина командалық спринтте жартылай финалда сынға түседі. Сағат 15:15-те жүлделер сарапқа салынатын финал өтеді.
17:30-да 1500 метрге шорт-тректен әйелдер арасында жарыс басталып, Ольга Тихонова ширек финалдық кезеңде өнер көрсетеді. Тікелей эфир - Qazsport арнасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также