Биатлоншыларымыздың көрсеткіштері әлі төмен

Сурет biathlonworld.com сайтынан

Биатлоннан 2013/2014 жылдар маусымындағы әлем кубогының екі кезеңі қалған. Соның бірі Финляндияның Контиолахти қаласында өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Әлем кубогының Контиолахтиде өтіп жатқан сегізінші кезеңі спринттік бәйгелермен басталды. Ерлер арасындағы 10 шақырымдық бәйгеде Қазақстан спортшылары көңілге қонымды нәтиже көрсете алмады. Атап айтқанда, көмбеге жеткен 88 биатлоншының ішінде Антон Пантов 76-орынды, Виктор Порфиряну 80-орынды қанағат тұтты.Бұл бәйгеде Йоханнес Бё (Норвегия) жеңімпаз атанып, Мартен Фуркад (Франция) екінші орынға ие болды. Үшінші орын Арнд Пайфферге (Германия) бұйырды.Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте Дарья Усанова 67-орынмен, Алина Райкова 73-орынмен, ал Анна Кистанова 81-орынмен шектелді. Бұл бәйгеге барлығы 85 биатлоншы қыз қатысқан болатын. Ал жүлделі орындарға жазылу ретімен Кайса Макарайнен (Финляндия), Ольга Зайцева (Ресей) және Мари Лаукканен (Финляндия) үшеуі ие болды.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама