06 тамыз 2022 15:19

Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атағын жеңіп алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Халықаралық шахмат федерациясы қазақстандық Бибісара Асаубаеваны 2021 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық шахмат федерациясы қазақстандық Бибісара Асаубаеваны 2021 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бибісара бұл туралы Facebook-парақшасында жазды.

"Кеше марапаттау рәсімі өтті, 15 мәрте әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған "әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы 2021" марапатын табыс етті. ФИДЕ жұмысымды жоғары бағалағанына рақмет", - деп жазды шахматшы.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтаған еді. Сондай-ақ, ол Гиннес рекордтар кітабына енді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram