Сол қолының шынтағынан бастап ампутация жасалған америкалық спортшы Ник Ньюэлл АҚШ-та Bellator турнирінде алғаш рет өнер көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
33 жастағы АҚШ өкілі өз отандасы Кори Браунингті жеңді.
Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Ньюэлл қарсыласына қылғындыру әдісін қолданған, Браунинг жеңілгенін мойындауына тура келді. Осы күнге дейін 18 жекпе-жекке қатысқан Ник Ньюэлл екі рет қана жеңілген. Файтер биыл шілдеде Bellator ұйымымен келісімшартқа отырды.