Бірін-бірі қан-жоса қылып сабаған қарсыластардың жекпе-жегі есепке алынбады

Николас Далби (сол жақта) және Росс Хьюстон. © Cage Warriors

Шотландиялық Росс Хьюстон және даниялық Николас Далби арасындағы Cage Warriors 106 турнирінің басты жекпе-жегі октагонда қанның тым көп төгілуіне байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Файтерлер өздерінен аққан қанға тайып жығыла бастаған екен. Осыған байланысты төрешілер мен медицина қызметкерлері жекпе-жекті үшінші раундта тоқтатып, оны өтпеген деп есептеуді жөн көрді. 

Жекпе-жектен кейін Хьюстон мен Далби қоршау үстіне мініп, жанкүйерлерге сәлемдесті. ММА-да шотландиялық сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңген, ал Далби 17 жеңіске жетіп, төрт рет жеңілген.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама