"Біз жекпе-жекте жеңілдік, бірақ шайқаста жеңдік": МакГрегор "соғыстың" жалғасатынын мәлімдеді

© REUTERS

Ирландиялық Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен өткізген жекпе-жегінен кейін алғаш рет суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Ирландиялық Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен өткізген жекпе-жегінен кейін алғаш рет суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Лас-Вегаста өткен кездесу төртінші раундта аяқталды, Нурмагомедов тұншықтыру әдісін қолданып, МакГрегор берілуге мәжбүр болды.

"Біз жекпе-жекте жеңілдік, бірақ шайқаста жеңдік. Соғыс жалғасады", - деп жазды МакГрегор суретінің астына. Ол суретте өзі шығаратын виски құйылған бокалды ұстап тұр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жекпе-жек аяқталғанда Нурмагомедов октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелес шығарды. Сол үшін оған салтанатты түрде белбеу табыс етілген жоқ. Сонымен қатар, гонорары кешіктіріліп берілетін болды. Ол тіпті осы оқиға үшін титулынан айырылуы мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама