"Бір сантиметр жетпеді". Рыпакованың қызы әлем чемпионаты финалына өте алмады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: olympic.kz©

Кенияның Найроби қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіру жарысының іріктеу кезеңіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, біріншіліктің финалына өту үшін Рыпаковаға 1 сантиметр ғана жетпей қалған.

Ұзындыққа секіруден сынға түсетін спортшылар 6,35 метрді бағындыру керек болған немесе 12-орынды иеленуі керек. Ал, Рыпакова өзінің ең үздік нәтижесінде 6,05 метрге секіріп, 13-орында қалды. Нигериялық Рут Агадама 6.06 метрге секірді. Нәтижесінде Агадама финалға дейін жетіп, 12-орынды иеленді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Анастасия - 2008, 2012, 2016 Олимпиада ойындарында күміс, алтын және қола алған Ольга Рыпакованың қызы. Токио-2020 ойындарынан Ольга Рыпакова алғаш рет жүлдесіз оралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама