04 желтоқсан 2021 | 11:32

"Бірден сабасына түсіреміз". Жалғас Жұмағұлов жастарды қалай тәрбиелейтінін айтты

©avestnik

Жеңіл салмақта UFC промоушнында ел намысын қорғап жүрген Жалғас Жұмағұлов Қазақстандағы жаттығу залдарында жастарды қалай тәрбиелейтінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "СЭ" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жеңіл салмақта UFC промоушнында ел намысын қорғап жүрген Жалғас Жұмағұлов Қазақстандағы жаттығу залдарында жастарды қалай тәрбиелейтінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "СЭ" басылымына сілтеме жасап.

Бірнеше жыл бұрын Жалғас Жұмағұлов жаттығу залында темірдей тәртіптің барын айтқан еді. Мәселен, жуыну бөлмесіне кіргенде жастар үлкендерге орын береді. Спортшы бұл дәстүр әлі күнге дейін сақталғанын айтты. 

"Әлбетте, сақталды. Үлкендер жуыну бөлмесіне кірсе, кішілер міндетті түрде орындарын береді. Үлкен отырса, кішісі тұрып қызмет етеді. Бұл біздің менталитетімізде қалыптасқан нәрсе. Солай жалғаса береді де. Кезінде үлкендер бізді осылай тәрбиелеген. Біз де кішілерге соны үйретеміз. Біздің залымызда жастардың бәрі тәрбиелі жігіттер. Әрқайсысы ер мінезді спортшылар", - деді ол.

Реклама
Реклама

Файтер тәртіпке бағынғысы келмейтіндер қалай жазаланатынын да әңгімеледі. 

"Ондайларды бірден сабасына түсіреміз. Шынымды айтсам, өз басым жастарды сабап тұрамын. Барлығына қол жұмсаймын. Бетінен болмаса да бүйрегінен ұрамын. Бір шапалағын беремін", - деді спортшы.

Еске салайық, 5 желтоқсанға қараған түні жерлесіміз UFC Vegas 44 турнирінде анголалық Манела Капемен айқасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная