31 мамыр 2022 | 11:46

Бірінші Tau Jarys қалай өтті?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

29 мамырда Алматы облысында Tau Jarys табиғат аясында жүгіру жарысы өтті. 1000-ға жуық адам қатысқан отбасылық фестиваль - "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде өтті. Ұйымдастырушы - "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қоры.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

29 мамырда Алматы облысында Tau Jarys табиғат аясында жүгіру жарысы өтті. 1000-ға жуық адам қатысқан отбасылық фестиваль - "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде өтті. Ұйымдастырушы - "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қоры.

Барлық қонақ жаңбырлы ауа райына қарамастан спортпен қатар көркем табиғатты тамашалады. 

Реклама
Реклама

Қатысушылар 2 шақырым (14-17 жас), 6,5 шақырым және 13 шақырым қашықтықта жарысты.

13 шақырым қашықтықта ерлер арасында Данияр Орманғали (45 минут 11 секунд), әйелдер арасында Мәдина Керімова (56 минут 36 секунд) абсолют жеңімпаз атанды. 6,5 шақырым қашықтықта әйелдер арасында Рахымжан Келманов (22 минут 15 секунд) пен Диана Айдосова (27 минут 12 секунд) мәреге бірінші жетті.

Балалар арасында 2 шақырым қашықтықта Рамазан Айнегенов (4 минут 17 секунд), Дарья Мыльникова (5 минут 47 секунд) жеңімпаз атанды.

60-тан аса спортшы жас санаттары бойынша жүлделі орындарға ие болып, барлық қатысушы финиш медальдарын алды. Жарыстың қорытындысы almaty-marathon.kz сайтында жарияланған.

"Tau Jarys біз бағындырған жаңа шыңға айналды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан бәрі керемт өтті. Өйткені, бұл жай ғана жарыс емес, барлық жастағы қонақтарға арналған отбасылық фестиваль", - дейді Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная