21 наурыз 2014 19:55

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ширек финал жеребесі тартылды

Сурет: eurosport.ru

УЕФА-ның Швейцарияның Ньюн қаласындағы штаб пәтерінде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ширек финал кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2013/14 маусымдағы Чемпиондар лигасының ширек финалында төмендегі командалар кездеседі: "Бавария" (Германия) - "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Барселона" (Испания) - "Атлетико" (Испания), "Реал" (Испания) - "Боруссия" (Дортмунд, Германия), "Пари Сен-Жермен" (Франция) - "Челси" (Англия). Сонымен қатар бүгін Еуропа лигасының да ширек финалдық жеребесі тартылды. Оның қорытындысы мынадай: "АЗ" (Нидерланды) – "Бенфика" (Португалия) "Лион" (Франция) – "Ювентус" (Италия) "Базель" (Швейцария) – "Валенсия" (Испания) "Севилья" (Испания) – "Порту" (Португалия) Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесу 1 және 2 сәуір күндері өтсе, жауапты кездесулер 8 және 9 сәуірде болады. Ал, финалдық кездесуі 24 мамыр күні "Эштадиу да Луж" стадионында өтеді. Еуропа лигасының алғашқы кездесулері 3 сәуірде ойналатын болса, қарымта кездесулер 10 сәуірде өтеді. Бұл турнирдің финалдық матчы 14 мамыр күні Туринде өтеді деп жоспарланған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram