Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

©ufc.com

UFC-дегі этникалық қазақ Дамир Исмағұловтың (23-1) келесі қарсыласы мен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC-дегі этникалық қазақ Дамир Исмағұловтың (23-1) келесі қарсыласы мен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы Швеция атынан шығатын этникалық грузин Гурам Кутателадзе болады. Олардың жекпе-жегі 19 маусымда UFC Fight Night турнирінде өтеді.

Еске салайық, Исмағұлов бір жылға жуық жекпе-жек өткізбеген. Ол кейінгі жекпе-жегін 2021 жылдың мамырында өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алвесті (20-10) төрешілер шешімімен жеңген.

Реклама
Реклама

Ал Кутателадзе кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың қазанында UFC Fight Night 180 турнирінде өткізіп, Матеуш Гэмротты жеңген болатын. Кутателадзе карьерасында 12 рет жеңіп, екі мәрте жеңілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама