02 қаңтар 2023 08:57

Дамир Ысмағұлов спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлады

UFC-де өнер көрсететін ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов спорттан кететінін мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC-де өнер көрсететін ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов спорттан кететінін мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, жағдайға және денсаулығыма байланысты спорттық мансабымды аяқтауға мәжбүрмін. Ұрыстардағы нәтижеге қарамастан менімен бірге болған, шын жүректен уайымдағандардың барлығына рахмет», - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Реклама
Реклама

Оқырмандар бұл күтпеген жаңалық екенін жазды. Дамирге спорттағы достары қолдау білдірді.

"Бауырым, сенің әлі талай жекпе-жектерге шығып, жеңіске жететініңе сенімдімін! Чемпион еңсеңді түсірме!", - деп жазды қазақстандық боксшы Артем Резников.

Дамир Ысмағұлов 31 жаста. Оның ММА-да 24 жеңісі мен екі жеңілісі бар. Өткен жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турниріндегі соңғы жекпе-жегінде Арман Царукянды жеңілді. Бұған дейін Дамир 2015 жылдың қыркүйегінде M-1 Global League турнирінде жеңілген болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram