Дамир Ысмағұловтың UFC ұйымындағы бірінші қарсыласы анықталды

© instagram.com/ismagulov_damir, hitman_att

Жеңіл салмақта M-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін кімге қарсы өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеңіл салмақта M-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін кімге қарсы өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2 желтоқсанда Аустралияда UFC ұйымы аясында жеңілмеген жергілікті файтерге қарсы шығамын. Бұл менің үшінші қарсыласқа берген келісімім. Аз уақыт қалды, төбелеске дайынмын. Алекс Горджес - "Хитман" лақапатымен танылған жеңілмеген аустралиялық спортшы. Ол Australia Top Team командасының намысын қорғайды. UFN промоушенінің чемпионы", - деп жазды Ысмағұлов Instagram желісінде. 

Горджес 2016 жылы қыркүйекте ММА-да алғашқы жекпе-жегін өткізген. Ол алты жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Бұрындары ол UFC ұйымында өнер көрсетпеген. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін Ысмағұлов 2 желтоқсанда Аустралияда өтетін UFC Fight Night 142 турнирінде Джозеф Даффимен жекпе-жек өткізетіні туралы айтылған еді. Алайда ирландиялық жарақат салдарынан кездесуден бас тартты.

Ресей тумасы, этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов карьерасында 27 жекпе-жекте жеңіске жеткен (9 нокаут) және екі рет жеңілген. Ал Даффи бір кездері отандасы - екі салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегорды 38 секундта жеңгенімен белгілі.

Айта кетейік, ұйымның бұл салмақтағы қазіргі чемпионы - ресейлік Хабиб Нурмагомедов.

Мұның алдында Дамир Ысмағұловтың UFC ұйымымен келісімшартқа отырғаны жайлы хабарланған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама