29 қаңтар 2022 | 12:25

Дәретхана хлормен жуылады. Бейжің Олимпиадасында COVID-19 жұқтырғандар не істейді?

Фото: Vesti.kz

Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары кезінде коронавирус таралмауы үшін қатаң шаралар қабылданады. Vesti.kz тілшісі COVID-19 анықталған делегация өкілдерін не күтіп тұрғанын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары кезінде коронавирус таралмауы үшін қатаң шаралар қабылданады. Vesti.kz тілшісі COVID-19 анықталған делегация өкілдерін не күтіп тұрғанын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытайға кіру үшін Олимпиадаға қатысушылар бірнеше ПТР-тест тапсырады, антиденелердің бар-жоғы тексеріледі, толық вакцинациядан және екі апталық карантиннен өтуі керек. Бейжің әуежайына келгеннен кейін де тест тапсырылады.

Реклама
Реклама

Қытай астанасында спортшылар мен келушілер елге жеткенде тапсырылған тест нәтижесін Олимпиада ауылында немесе ресми белгіленген қонақүйде күтеді. Осы тұста Токио-2020-да теріс нәтижесіз қалаға кіргізілмегенін айта кеткен жөн.   

Бейжің әуежайында тапсырылған ПТР-тест оң нәтиже көрсетсе, адамнан орналасқан жері бойынша тағы бір тест алынады.

Оң нәтиже қайталанған жағдайда оны карантин аймағына алып баратын арнайы бригада шақырылады.

Карантиндік қонақ үй іші мынадай.

Барлық қажетті керек-жарақтар пакетке салынып әкеледі. Бір қызығы, санитарлық торапты хлормен жуу ұсынылады. Ол таблетка түрінде таратылады.

Күніне үш рет тамақ беріледі. 

Қоныстанғаннан кейін дәрігер келіп, денсаулығын, карантин ұзақтығы мен дәрі-дәрмектерді тағайындау қажеттілігін бағалайды.

Адам өзін қалыпты сезінсе, емдеу тағайындалмайды. Карантин және теріс ПТР сынағы аяқталғаннан кейін адам өз делегациясына оралады.

Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиадаға келген қазақстандық делегация мүшелерінің арасында COVID-19 жұқтыру оқиғалары анықталған жоқ.

Ұлттық Олимпиада комитеті Бейжіңге кеткендердің барлығына Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі апталық карантин ұйымдастырды, онда күн сайын ПТР-тест өткізілді. Сондай-ақ, ойындарға қатысушылар үшін қажетсіз байланыстарды болдырмау үшін ҰОК чартерлік рейс ұйымдастырды.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram