27 желтоқсан 2021 | 15:40

Дәулет Тұрлыханов Күрес федерациясының президенті болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Дәулет Тұрлыханов. Фото:olympic.kz

Азия күрес федерациясының президенті және UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Күрес федерациясының кезектен тыс конференциясында спорт құрылымының экс-президенті Ерлан Қожасбай қызметінен кету туралы шешім қабылдап, Дәулет Тұрлыхановтың кандидатурасын ұсынды. Конференцияға қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Тұрлыханов федерация президенті болып сайланды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Тұрлыханов осы федерацияның вице-президенті қызметін атқарған.

Реклама
Реклама

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар, Дәулет Тұрлыханов 1989 жылғы әлем чемпионы және 1993 жылғы әлем вице-чемпионы, 1995 жылғы Еуропа және Азия чемпионы, Олимпиаданың күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, сегіз дүркін КСРО чемпионы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram