16 тамыз 2020 | 09:49

Дәурен Елеусіновтің WBC-дегі титул үшін жекпе-жегі рингке шығар алдында кейінге қалдырылды

Сурет: Instagram

Қазақстандық Дәурен Елеусінов пен мексикалық Хуан Карлос Рэйгостың орта салмақтағы бос WBC International титулына жекпе-жегі кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Дәурен Елеусінов пен мексикалық Хуан Карлос Рэйгостың орта салмақтағы бос WBC International титулына жекпе-жегі кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.  

Жекпе-жек 15 тамызда Мексикадағы Гвадалахара қаласында Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталуы тиіс еді. Боксшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, бірақ рингке шыға алмады.

Реклама
Реклама

"Құрметті қазақстандықтар, Гвадалахара қаласының мэриясы адам көп жиналғандықтан коронавируске байланысты жекпе-жекті келесі аптаға кейінге қалдырды", - деп жазды Елеусінов Instagram-да.

Айта кетейік, бокс кеші тоқтатылған жоқ. Рингте әуесқойлар жұдырықтасты. Жекпе-жек қай күні болатыны әзірге айтылмады.

34 жастағы Елеусінов Мексикада екінші рет жекпе-жек өткізбек, ол мұнда алғаш рет 2019 жылдың ақпанында өнер көрсеткен. Қазақстандық кәсіпқой боксшы профиде 2014 жылдың желтоқсанында дебют жасап, тоғыз жекпе-жектің сегізін АҚШ-та өткізген.

30 жастағы Рэйгоса профиде 2010 жылдан бері өнер көрсетеді. 2018 және 2019 жылдары үш рет Канадада жұдырықтасқан, ал қалған жекпе-жектер өз елінде өткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная