Денис Тен 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды

Денис Тен 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды Денис Тен

2014 жылы Сочиде ?ткен Олимпиада ойындарыны? ?ола ж?лдегері, ?аза?станды? м?нерлеп сыр?анаушы Денис Тен 2018 жылы О?т?стік Кореяны? Пхенчан ?аласында ?тетін Олимпиада ойындарыны? жолдамасын же?іп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатының қорытындысында белгілі болды. Денис Тен онда 234,31 ұпаймен 16-орын алды. Ол қысқа бағдарламадан кейін осы маусымда үздік нәтиже көрсетіп, тоғызыншы болып келе жатқан еді.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ерікті бағдарламада жарақат алған еді, алайда ол келесі Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алу үшін жарысқа қатысуды жалғастыра берген болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама