Денис Тен "Құрмет" орденімен марапатталды

Сурет sochi2014.rsport.ru сайтынан

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық мәнерлеп сырғанау спортының жарық жұлдызы Денис Тенді "Құрмет" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2014 жылы Сочи қаласында өткен ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістігі үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Юрьевич Тен "Құрмет" орденімен наградталсын», - делінген қаулы мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен Сочи Олимпиадасында қола медаль олжалаған-ды. Бұл Қазақстанның мәнерлеп сырғанау спорты тарихында ел қоржынына тұңғыш рет түскен олимпиадалық жүлде болатын.

Реклама
Реклама

Ал былтыр әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, тыңнан түрен тартқан. Сондай-ақ басқа да халықаралық турнирлерде жүлдеге ілігіп, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген саңлақ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама