Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды

© facebook.com/dinara.saduakassova

Қазақ шахматшысы Динара Сәдуақасова Қытайда өткен Азия чемпионатының кубогын жеңіп алып, құрылықтың үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақ шахматшысы Динара Сәдуақасова Қытайда өткен Азия чемпионатының кубогын жеңіп алып, құрылықтың үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Біріншілік Қытайдың Синтай қаласында 6-16 маусым аралығында өткен. Динара 15 елден келген 36 қарсыласын басып озып, 9 ұпайдың 7,5-ін еншіледі.

"Динараны жеңісімен құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен жаңа белестерге жетелейтін шабыт тілейміз", - деп федерация 23 жастағы спортшыны құттықтады.

Реклама
Реклама

Азия біріншілігінде жеңіске жеткен Динара Сәдуақасова Әлем кубогының іріктеу кезеңінен өтті.

Атап өтсек, республика намысын бұл турнирде үш шахматшы қорғады: Ринат Жұмабаев, Динара Сәдуақасова, Гүлмира Дәулетова. Жарыстың жүлде қоры - 80 мың АҚШ доллары.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама