ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 11:15
Джеки Чан Олимпиада алауын Ұлы Қытай қорғанында алып өтті
Гонконгтан шыққан голливудтық супер жұлдыз Джеки Чан Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиада ойындарының эстафетасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Гонконгтан шыққан голливудтық супер жұлдыз Джеки Чан Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиада ойындарының эстафетасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.
Джеки Чан эстафетаның екінші күнінің құрметті қонақтары арасында Ұлы Қытай қорғанында Олимпиада алауын алып өтті. Эстафета кезінде оны барлық қытайлық Олимпиада жүлдегері қарсы алды.
"Мен таңғы сағат 4-те ояндым. Бұл менің төртінші Олимпиадам. Өте бақыттымын. Сондай-ақ, бүгінгі ауа райы мен үшін салқын!"- деді актер.
©REUTERS
Бадалин - туристер жиі келетін қорған аумағы. Ол Бейжің орталығынан солтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде, Яньцин аймағында, шаңғы олимпиадасы өтетін орын маңында орналасқан. Ол шамамен 1500 жылы Мин әулеті кезінде салынған.
©REUTERS
Кейінірек алау жақын маңдағы Хэбэй провинциясындағы Чжанцзякоға жеткізіледі, онда көптеген жарыс өтеді. Ашылу салтанаты Олимпиада алауын жағумен аяқталады.
Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында, ал қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также