Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс медаль алды

Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс медаль алды

Тайбейде ?тіп жат?ан жаз?ы Универсиада ойындарында ?аза?станды? суда ж?зу спортыны? шебері, Рио Олимпиадасыны? чемпионы Дмитрий Баландин к?міс медаль?а ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тайбейде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында қазақстандық суда жүзу спортының шебері, Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин күміс медальға ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

200 метрге брасс әдісімен жүзуде отандасымыз соңғы сәтте жүлдеге қол соза білді. Аталған қашықтықты 2.9.70 минутта бағындырды. Ал алтын медальды америкалық жүзгіш Эндрю Уилсон(2.8.45 минут) иеленді. Қола медаль ресейлік спортшы Рустам Годировқа (2.9.72 минут) бұйырды.

Осыған дейін Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медальға қол жеткізген еді.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама