Экс-футболшы Грег Харди ММА-да қарсыласын 17 секундта нокаутқа түсірді

Грег Харди

Ұлттық футбол лигасында бірнеше клубта өнер көрсеткен Грег Харди кәсіпой жекпе-жекте екінші жеңісіне қол жеткізді. Dana White’s Contender Series шоуында Харди Таборис Гордонды 17 секундта құлатты. 

Маусымда Харди DWCS жарысында Остен Лэйндің нокаутқа түсіріп, UFC ұйымымен келісімшартқа отырған. Бұл ол уақытша негізгі промоушенде өнер көрсетпейді деген сөз, алайда кез келген уақытта нағыз толыққанды келісімшартты ала алады. 

2014 жылы Грег Харди тұрмыстық зорлық бабы бойынша айыпталған, алайда құрбаны болған адам өз сөзінен бас тартқан. Кейінірек Харди америкалық футболшы ретінде спорттық мансабын аяқтап, аралас жекпе-жекпен айналыса бастады. 

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама