Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтық сында Сметов ресейлік Беслан Мудрановпен белдесті. Негізгі төрт минут уақытта екі палуан да сақ болды. Ескерту де, ұпай да берілмеген еді. Алайда, қосымша уақыт басталғанда ресейлік спортшы басымдығын байқатты.

Реклама
Реклама


© AFP

Айта кетейік, Қазақстан тарихында спорттың осы түрінен Олимпиадада ешкім алтын медаль алмаған.

Ақтық сынға шығу үшін отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровпен белдескен еді. Сметов үш ескертуі болса да, 10 ұпаймен жеңіске жетті. Ал оның алдында ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді "юко" әдісімен жеңген еді. Ал бірінші айналымда дзюдошы Ливия өкілі Мұхамед Элькависадан басым түскен болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама