Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина азаматтығына қатысты сұраққа ашық жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баспасөз конференциясы барысында журналистер спортшыны Уимблдон турниріндегі тарихи жеңісімен құттықтап, азаматтығы туралы мәселеге нүкте қоюын сұрады.
Елена Рыбакина құжаттарын көрсетті.
"Әрине, төлқұжатым бар. Бүгін таңертең премьер-министрмен кездестім. Сондықтан міне, барлық дәлел", - деді спортшы.
Жақында қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетіп, Тунистен келген әлемдік рейтингтің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді. Бұған дейін посткеңестік елдер арасында бір ғана теннисші - Мария Шарапова 2004 жылы жеңісіне қолжеткізді.
Беделді турнирдегі жеңісі үшін 23 жастағы Рыбакина екі миллион фунт - 1 миллиардтан аса теңге алады.
Елена Рыбакинаға Уимблдондағы жеңісі үшін мемлекеттен ақшалай сыйақы берілмеген, спортшы Қазақстан теннис федерациясының сыйлығынан бас тартты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!