Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

Элизабет Турсынбаева.ҚР ХОК © Ізтұрған Алдауев

?аза?станды? м?нерлеп сыр?анаушы Элизабет Т?рсынбаева о?т?стіккореялы? Пхенчханда ?тіп жат?ан Олимпиада-2018 ойындарында жалпы есепте 12-ші болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева оңтүстіккореялық Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада-2018 ойындарында жалпы есепте 12-ші болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еркін бағдарламада Тұрсынбаева 118.30 ұпай жинады, ал қысқаша бағдарламаның ұпайы 57, 95 ұпай еді. Екі бағдарламаның нәтижелерін қосқанда ол 177, 12 ұпай жинады. 

Олимпиада чемпионы - ресейлік 15 жастағы Алина Загитова (239.57 ұпай). Күміс медаль - тағы бір ресейлік қыз Евгения Медведева - 238,26 ұпай. Қола медаль - Кэйтлин Осмонд - 231,02.

Реклама
Реклама

Еске салайық, тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова қысқа бағдарламада 30-орынды иеленіп, еркін бағдарламаға жолдаманы ала алмады. 18 жастағы екі қазақстандық спортшы қыз да Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсетті. 

Еске салайық, 2017 жылы сәуірде Тұрсынбаева әлем чемпионатында тоғызыншы орынды иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама