ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қазан 2019 11:47
Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирде екінші орын алды
Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева Қытайда өткен Shanghai Trophy ірі халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқа бағдарламада Тұрсынбаева екінші орын алған болатын. Еркін бағдарламадан Элизабет 116.85 ұпай жинап, үшінші сатыдан көрінді.
Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 186.09 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл Элизабет Тұрсынбаеваның жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесі.
Бірінші орында ресейлік Евгения Медведева, үшінші орында Оңтүстік Корея өкілі Ын Су Лим иеленген.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу