19 қазан 2019 09:58

Елімізде туристік көпсайыс бойынша чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы Машат шатқалында туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты өтті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"


Түркістан облысындағы Машат шатқалында туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты өтті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"

Павлодар облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, чемпионатқа еліміздің бірнеше өңірінен келген 19 команда қатысқан. Біздің өңірдің намысын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Экология және туризм балалар мен жасөспірімдер орталығының командасы қорғады.

"Команданың құрамында Экология және туризм орталығының "Вершина", "Усольский Меридиан", "Пирамида" клубтарынан 17 оқушы енді. Жасөспірімдер тобынан 2 команда және жастар тобынан 1 команда өз бақтарын сынады. Жарыс үш жас тобында өтті: ересектер, жасөспірімдер және бозбалалар. Жарыс бағдарламасы 7 қашықтық бойынша ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы 2019 жылға арналған Қазақстан кубогында командалық есепте 2-орынды және чемпионатта 3-орынды иелендіі, - деді басқарма өкілдері. 

"Чемпионаттың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, аймақтардағы спорттық байланыстарды дамыту, жастардың техникалық және тактикалық шеберліктерін арттыру, тәжірибе алмасу болып табылады", - деді басқарма өкілдері. 

Жүлдегерлерді Владислав Ридзаускас, Сергей Агалаков және Ирина Ридзаускене дайындаған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети