Ең әдемі волейболшылардың бірі қазақстандық клубта ойнайтын болды

©instagram.com/thebigbeth

Клубтық әлем чемпионаты мен Чемпиондар Лигасының жеңімпазы Бетания Де Ла Крус енді Қазақстанда "Алтай" волейбол клубында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Клубтық әлем чемпионаты мен Чемпиондар Лигасының жеңімпазы Бетания Де Ла Крус енді Қазақстанда "Алтай" волейбол клубында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

34 жастағы волейболшы - 2005 жылдан бері Доминикан Республикасы құрамасының құрамында құрлықтық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Клубтық деңгейде Пуэрто-Рико, Жапония, Корея, Ресей, Италия және Түркия командаларында өнер көрсетті.

Де Ла Круз - 2015 жылғы клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы және 2015 жылғы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы. Ол, сонымен қатар, Доминикан Республикасы - 2006, Жапония - 2008, Пуэрто-Рико - 2011, Оңтүстік Корея - 2014 және Ресей - 2017 және 2020 чемпионаттарында жеңіске жетті.

Реклама
Реклама

Карьерасында бірнеше рет MVP және ең жақсы шабуылшы-ойыншы деп танылды. 2013 жылдан бастап Бетания Доминикан Республикасы құрамасының капитаны.

Спорттық жетістіктерден басқа, БАҚ-та Бетания Де Ла Крус ғаламшардың ең әдемі волейболшыларының бірі мәртебесін алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама