Еркін күрестен республикалық турнир өтті

Ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері аралығында Жарсуат ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ақберен батыр, дауылпаз ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай 2010-2011, 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық ашық турнир өтті.

Реклама
Реклама

Аталған турнирге еліміздің 8 және көршілес мемлекеттердегі Уфа, Қазан қалаларынан 10 салмақ дәрежесі бойынша 160-қа жуық балуан қатысып, өзара бақ сынасты.

Спорттық сайыс екі күнге созылды. Жарыс жеңімпаздары диплом және арнайы дайындалған белдіктермен марапатталды.

Айта кетейік, осыған дейін турнир 1981-1988 жылдар аралығында өткен болатын.

Tengrinews
Материал Атырау облысының әкімдігімен ұсынылған
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама