16 ақпан 2022 | 15:36

Ермек Сағымбаев жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
gov.kz

Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы президенті лауазымына Ермек Сағымбаев сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы президенті лауазымына Ермек Сағымбаев сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қауымдастықтың бірінші вице-президенті лауазымына Мәлік Мырзалин, ал вице-президенттер қызметіне Берік Құнанбаев, Серік Жарасбаев және Сәрсен Құранбек сайланды. Жиналыс барысында қауымдастық қызметінің стратегиялық мақсаттары мен бағыттары анықталып, жұмыс жоспары бекітілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы 2019 жылдың басында құрылды. Ұйым құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 26 федерация кіреді.

Реклама
Реклама

Қауымдастықтың басты мақсаты - жауынгерлік өнерді дамыту, насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақты спортпен айналысуға тарту, сондай-ақ олимпиадалық емес спорт түрлерінің имиджін көтеру. Сонымен қатар, бұл қауымдастық каратэ, қоян-қолтық күрес, ММА аралас жекпе-жек, грэпплинг, джиу-джитсу, самбо, панкратион, у-шу, муай-тай, кикбоксинг, таэквондо, белбеу күресі, әмбебап күрес және жекпе-жектің өзге де түрі бойынша жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram