Фергюсон Нурмагамедовты UFC ұйымындағы ең нашар спортшы деп атады

© YouTube/Fight TV

Аралас жекпе-жектен америкалы? спортшы Тони Фергюсон Хабиб Нурмагомедовты? кездесуге дайын болма?аны ?шін с?ра?ан кешірімін шынайы емес деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аралас жекпе-жектен америкалық спортшы Тони Фергюсон Хабиб Нурмагомедовтың кездесуге дайын болмағаны үшін сұраған кешірімін шынайы емес деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Оның Instagram желісінде кешірім сұрап жазған постын менеджері жасағанын білемін. Менеджері ол үшін барлығын істейді. Ол кейде аккаунттарды шатастарып, Хабибтың атынан жазып отырмын деп ойлайды. Менен кешірім сұралған жоқ. Ол бос сөздерді көп айтып, өзін чемпион санайды. Сен чемпион емессің. Жеңіл салмақта да өз лагеріңде де сен ең нашарысың", - дейді Фергюсон. 

"Али (ресейлік спортшының менеджері Али Абдель-Азиз) біздің кәсіптің қалай жасалатынын біледі. Ол ережені біледі. Әйтпегенде ол мықтылардың менеджері болмас еді. Ол үрейленді ме, жоқ па - мұның бәрі бос сөз. Сенің бірінші шаруаң UFC ұйымына қоңырау шалу. Бізде кезекші дәрігерлер бар, олар ойнап отырған жоқ", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Спортшы октагонда Нурмагомедовтың "күл-талқанын шығару мүмкіндігінен" айырылып қалғанына көңілі түскен.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедовтың көп күттірген жекпе-жегі өтпей қалған еді. Спортшы әлсірегендіктен, салмақ өлшеу рәсіміне қатыса алмаған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама