27 желтоқсан 2020 | 10:48

Fight Nights басшысы қазақстандық файтер жеңіліп қалған жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Фото: vk.com/fightnightsofficial

Fight Nights Global промоушенінің басшысы Камил Гаджиев Мәскеуде өткен қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай мен ирандық Мохаммед Хейбати жекпе-жегінің нәтижесі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Fight Nights Global промоушенінің басшысы Камил Гаджиев Мәскеуде өткен қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай мен ирандық Мохаммед Хейбати жекпе-жегінің нәтижесі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Файтерлердің жекпе-жегі AMC Fight Nights 99 турнирі аясында өтіп, үш раундқа созылған. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Хейбатиге берген. Алайда Қасымбайдың командасы төрешілер шешімімен келіспеді.

Реклама
Реклама

"Жекпе-жекті, оның жарқын сәттерін мұқият қарадым. Мен жекпе-жектің өте жақын, төрешілер үшін қиын болғанына көз жеткіздім. Мұндай жағдайларда файтерлердің біріне жанкүйер болсаңыз, жеңісті соған бересіз.

Маған екеуі де - Хейбати де, Қасымбай да ұнайды, мен оларды көптен бері бақылап жүрдім, сондықтан мен бейтараппын.

Мен бірінші раундты ирандыққа, екінші және үшінші раундты қазақстандық файтерге бердім. Бірінші және екінші раунд өте жақын, оларды әр түрлі бағалауға болады. Қорытынды есеп бойынша төрешілер раундтарды Хейбатиге берді", - деп жазды Гаджиев Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kamil Gadzhiev (@kamilgadzhiev)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная