FISU президенті Универсиада дайындығын жоғары бағалады

Олег Матыцин

Б?гін Алматыда ?ткен ресми ?абылдауда FISU Халы?аралы? студенттер спорты федерациясыны? президенті Олег Матыцин Универсиаде-2017 дайынды?ын жо?ары ба?алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Алматыда өткен ресми қабылдауда FISU Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матыцин Универсиаде-2017 дайындығын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін сіздерді осы жерде көру үлкен құрмет! Біріншіден FISU командасының атынан осы Универсиаданы қазақ жерінде өткізу үшін барын салып атсалысқандарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Рақмет" деймін, ұйымдастырушы комитет пен осы шараның өтуі үшін күндіз түні тер төккен адамдарға алғыс білдіремін", - деді FISU президенті.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Матыциның айтуынша, әр Универсиада өзіндік ерекшелігімен есте қалған, алайда Алматыда өтетін Универсиада біз күткеннен де жоғары деңгейде, дейді ол.

Айта кетейік, Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Қазақстанның атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатысады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама