ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2021 | 11:10
Fury FC чемпионы атанған қазақстандық файтер UFC-ге ауысуға мүмкіндік алды
Қазақстандық боксшы Николай Веретенников Американың Хьюстон қаласында өткен Fury FC 46 турнирінде кештің басты жекпе-жегінің бірінші раундында қарсыласын нокаутқа түсіріп, Fury FC промоушенінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Веретенниковтың қарсыласы америкалық 31 жастағы Энтони Айви болды. Жекпе-жек екі минуттан кейін техникалық нокаутпен аяқталды. Веретенников қарсыласын тіземен тепкілеп тастады, содан кейін рефери кездесуді тоқтатты.
Бұл турнирге UFC президенті Дана Уайт қатысты. Ол Николайды жеке өзі құттықтап, қазақстандықты аралас жекпе-жек әуесқойларының арасында танымал DWCS-ке (Дана Уайттың үміткер сериясы) қатысуға шақырған көрінеді.
Мұндай мүмкіндікке ие болған файтерлер UFC-ге ауыса алады. Біреуге DWCS-те бір рет сәтті өнер көрсету жеткілікті, ал біреулер үшін бірнеше жекпе-жекте өзін дәлелдеу керек.
Дәл қазір қазақстандықтың қоржынында қатарынан сегіз жеңіс бар, ол АҚШ-қа көшкелі 2016 жылдан бері жеңілмеген.
Николайдың келесі жекпе-жегі туралы әзірге ақпарат жоқ. Бірақ Уайттың жеке құттықтауынан кейін Веретенников DWCS-да өнер көрсетері сөзсіз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также